Қызметтер

Агенттік инновациялық гранттар беруден басқа, төмендегі бағыттар бойынша қызметтер ұсынады

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ (бұрын - "Ұлттық инновациялық қор" АҚ) технологиялық инновациялық бизнеске қаражат салатын қазақстандық және шетелдік капиталы бар венчурлік инвестициялық институттарды құруға шақырылған бірінші қазақстандық Қор болып табылады.

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттарында жергілікті инвесторлар: «Сентрас венчурлік қоры" АИФРИ" АҚ, «Венчурный фонд «DeltaTechnologyFund» венчурлік қор" АҚ, «Әрекет" жоғары технологиялар қоры" АҚ және «Logycomperspectiveinnovations» АҚ бірге құрған 4 отандық Қазақстандық венчурлік қордың серіктесі болып табылады.

Бұрын Агенттік алты Қазақстандық венчурлік қордың серіктесі болды. 2010 жылы Қор 58,2 млн. теңге жалпы пайдамен екі отандық венчурлік «Адвант» және «AlmatyVentureCapital» қорларынан табысты шықты. Агенттіктің Қазақстандық венчурлік қорларындағы үлесі 49%-ға дейін құрайды.

Венчурлік қорлардың инвестициялық саясаты экспорттық әлеуеті бар перспективалы салаларға жобалар іздеуге және тартуға бағытталған. Мұндай ынтымақтастықтың мақсаты - одан әрі өсу үшін жоғары әлеуеті және осы жобаларға олардың дамуының түрлі сатыларында жеке және жұмылдырылған ақшаны инвестициялау арқылы экономикалық тиімді және сұранысқа ие өнімдер өндіру ықтималдығы бар инновациялық жобаларды дамыту.

Сондай-ақ Агенттік Еуропа, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Шығыс Азия елдерін қамтитын бес жетекші шетелдік венчурлік қордың - WellingtonPartners III TechnologyFund L.P., «CASEF, LLC» Орталық Азия шағын кәсіпорындарды қолдау қоры", MaybanJaicAsianFund, Vertex III Fund L.P венчурлік қорының серіктесі болып табылады.

Бірлескен венчурлік қор құрудың стратегиялық мақсаты оларды Қазақстанға одан әрі трансферттеу үшін озық батыс технологияларын қолжетімді алумен тұжырымдалады. Бірлескен венчурлік қорлар құру сондай-ақ әлемнің жетекші технологиялық компанияларына шығудың жақсы мүмкіндігі. Агенттіктің қағидаттары - білім, тәжірибе және технологиялар алмасудың ашық жүйесін құру. Әлемнің жетекші венчурлік қорларымен жұмыс істей отырып, біз шетелдік инвесторлардың қаржы капиталын тартып қана қоймай, жоғарытехнологиялық компаниялармен ынтымақтастықтың тұтас желісін құру мен Қазақстан ғылымы үшін жаңа мүмкіншіліктер ашуға тырысамыз.

Бағдарламаға қатысу кімге қолжетімді:

  • Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары

Бағдарламаға қалай қатысу керек:

venchuri1
Регистрация на инновационный конгресс
[contact-form-7 404 "Not Found"]
×